Францияның Руан қаласының маңында адамдарды кепілдікке алу оқиғасы орын алды
(last modified Wed, 27 Jul 2016 01:37:11 GMT )
Шіл 27, 2016 07:37 Asia/Almaty
  • Францияның Руан қаласының маңында адамдарды кепілдікке алу оқиғасы орын алды

Франция ІІМ осы елдің Руан қаласының маңында адамдарды кепілдікке алу оқиғасы орын алғанын хабарлады.

Француздық «LE FIGARO» газетінің интернет торабының жазауынша, Франция ІІМ бүгін сейсенбі күні таңертең Францияның солтүстігінде Руан қаласының маңында «Saint- Etienne- du- Rouvray» шіркеуінде адамдардың кепілдікке алынғанын, қастандық жасаушы екі адамның қарусыздандырылғанын,  осы шіркеудің бір дін қызметкерінің өлтіріліп, кепілдікке алынғандардың бірінің жараланғанын мәлімдеді.

Франция президенті Франсуа Олланд осыдан бірер сағат бұрын екі қарулы кісінің өлтірілуімен аяқталған оқиға орнына келіп, құзырлы басшылар кепілдікке алу оқиғасы туралы Олландқа түсінік берді.

Францияның «Le Point» газеті осы елдегі Руан қаласындағы шіркеуге шабуыл жасаушылардың шабуыл кезінде «ДАИШ» деп айқайлағанын мәлімдеді.