Иран Сыртқы істер министрі Гана Президентімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР терроризм және экстремизмен күрес жолында Ганамен әріптестік жасауға дайын»,-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Гана Президенті Джон Драмани Махамамен кездесуінде оған ИИР Президентінің сәлемін жеткізіп: «Иран мен Гананың жақсы қарым-қатынасының жаңа кезеңі басталды
Екіжақты ынтымақтастық деңгейі жақсы. Әртүрлі ұйымдар мен халықаралық қауымдастықтағы Иран мен Гананың көпжақты әріптестігі де жақсы әрі жақын»,-деп мәлімдеді.
Гана Президенті Джон Драмани Махама да осы кездесуде ядролық келісімнен кейін Иран басшыларымен сәтті кездесулер өткізгенін айтып: «ИИР-ның Гананың әртүрлі салаларында, әсіресе медицина саласында белсенділік танытуы және Қызыл жарты ай қоғамының емханасын ашуы сындарлы сипатқа ие. Сирия дағдарысының әскери шешім жолы жоқ. Гана бұл салада саяси шаралардың қолданылуын қолдайды»,-деді.