ДАИШ Ұлыбританияға лаңкестік шабуыл жасау туралы қоқан-лоққы жасады
Шіл 27, 2016 23:28 Asia/Almaty
ДАИШ Франциядағы шіркеуге жасалған шабуылдан кейін, Лондонға шабуылдардың келесі нысанасы боласыңдар деп ескертті.
Британдық The Sun газетінің жазуынша, ДАИШ- тің Телеграмм желісіндегі тобында Лондон мен әлемнің өзге де маңызды астаналарына шабуыл жасалады деп қорқыту үшін бейнелер таратылған. Ұлыбританияның қауіпсіздік күштері осы елдегі лаңкестік шабуылға байланысты ескерту жасап, Ұлыбританияда лаңкестік оқиғаның орын алуы ықтимал деп мәлімдегеннен бірнеше сағаттан кейін осы қоқан-лоққы таратылды.
Тегтер