Шіл 28, 2016 16:55 Asia/Almaty
  • Соңғы бір жыл ішінде 55000- нан астам америкалық полицияның қолынан қаза болып, жараланған

55 000-нан астам америкалық соңғы бір жыл ішінде осы елдің полициясының қолынан қаза болып, жараланған.

«Россия сегодня» арнасының интернет торабының мәлімдеуі бойынша «Зардап шегуден сақтану» деп аталатын ағылшын тіліндегі медициналық журналда жарияланған жаңа зерттеу бойынша 2012 жылы Америкада 55 мың 400 адам полиция офицерлерінің билікті асыра пайдалануының немесе өз ашуы мен қорқынышын жеңе алмауының құрбаны болған.

Осы мәлімет бойынша 2012 жылы 1063 адам Америка полициясы күштері тарапынан оққа ұшқан немесе өлтірілген. Орта есеппен полиция тарапынан әрбір 10 000 құрықтау ісінде 34- ке жуық кісі өлтірілген немесе жаралануына байланысты ауруханаға жеткізілген.

Осы зерттеудің нәтижелері бойынша тексеру ісі белгілі бір нәсіл, ұлт немесе жас мөлшеріне жеткен кезде осы статистика тең түрде бөлінбеген. Әрбір 10 000 кісілік статистикалық қоғамда қара нәсілділер, жергілікті америкалықтар мен испан тектестер азиялықтар мен ақ нәсілділер және испандық еместермен салыстырғанда көбірек тексерілген.

Тегтер