Саудияның жалдамалы күштерінің Йеменнің оңтүстігінде жасаған қылмыстарына БҰҰ реакция білдірді
(last modified Thu, 28 Jul 2016 13:00:19 GMT )
Шіл 28, 2016 19:00 Asia/Almaty
  • Саудияның жалдамалы күштерінің Йеменнің оңтүстігінде жасаған қылмыстарына БҰҰ реакция білдірді

БҰҰ- ның бір қайраткері йемендік әскери емес азаматтардың жуықта Сауд әулеті режимінің жалдамалы күштерінің қолынан қырылуын айыптап, Йеменнің бейкүнә халқын жаппай өлтіргендер өз қылмыстарына жауап беруі керек деп мәлімдеді.

БҰҰ- ның Йемендегі гуманитарлық істерін үйлестіруші Джимми Мэкк Гольдрик Сауд Арабиясы жалдамалы күштерінің сейсенбі күні Йеменнің Таиз облысына қарасты «әл- Сарари» аймағына қанқұйлы шабуыл жасап, осы аймақтың кем дегенде 50 тұрғынының өлімі мен жаралануына және қолды болуына соқтыруын сынап: «Ешбір топ қырғын жасап, қылмыс жасаумен Йеменде бастаманы қолға ала алмайды.

Саудия жалдамалы күштерінің «әл-Сарари» аймағындағы жан түршіктірерлік қылмыстары Йемен соғысында өздерінің сұм мақсаттарына қол жеткізу үшін азаматтарды жаппай өлтіру мен кепілдікке алу және оларды гуманитарлық көмектен мақұрым етуді көрсетеді, бірақ бұл шараларды қабылдауға болмайды» деді.

Йеменнің бейбітшілік және ымыраны тұрақтандыру комитеті өткен күні БҰҰ-нан Йеменнің қоршаудағы облысының «әл- Сарари» аймағында халықтың Саудия жалдамалы күштерінің қолынан жаппай өлтірілуі туралы тергеу жасауды сұраған еді. Саудияның жалдамалы күштері сейсенбі күннен бері Таиз облысына қарасты «әл- Сарари» аймағын қоршауға алып, содан соң басып алумен осы аймақтың ондаған тұрғынын Йемен армиясы және  халықтық күштерімен ынтымақтастық жасау айыбымен жаппай өлтіріп, осы аймақ тұрғындарының мешіті мен 50- ден астам баспанасын тонап немесе өртеді. Шапқыншылар сондай- ақ ондаған адамды тұтқынға алып, мәйіттерді қорлады.

Кувейттегі бейбітшілік сұхбаттасудағы Йемен ұлттық делегациясының мәлімдемесі бойынша, Сауд әулеті режимі мен оның жалдамалы күштерінің соңғы бір жарым жылда Йемен халқына қарсы қылмыстарына қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздігі шапқыншылардың «әл-Сарари» аймағындағы қылмысының негізгі дәлелі болып табылады. Алайда барлық қиыншылықтарға қарамастан Йемен халқы дұшпандардың астыртын әрекеттерінің алдында бас имейді және берілмейді.

Саудияның Таиздегі қылмысы мынадай жағдайда орын алды: БҰҰ- ның бас хатшысы өзінің соңғы  есебінде Саудия коалициясын Йемен соғысында кем дегенде 1500 бала мен әйелдің өліміне жауапты деп атаған болатын. АҚШ- тің Мемлекеттік департаменті де өткен айда Ансаролла қозғалысын лаңкестік топ деп емес, Йемендегі кикілжіңді доғару үшін жауласушы және келісімгер тараптардың бірі деп алғаш рет жариялады.

Дегенмен Сауд Арабиясы мен осы елдің жалдамалы күштері халықаралық ескертулер мен бітім келіссөздерін және ымыра келісімшартын елеп- ескерместен Йемен халқына қарсы қол сұғушылығы мен қылмыстарын жалғастыруда.

Сауд Арабиясының араб коалициясы деп атаған өзінің жасанды коалициясымен Абд Раббе Мансур Хадидің заңды үкіметі деп атап отырғанды билікке қайтару сылтауымен Йеменді құрлық және әуеден шабуыл нысанасына алып отырғанына бір жарым жылға жақындап қалды. Осы шабуылдар барысында ондаған мың Йемен азаматы қаза болып жараланып, осы кедей елдің инфрақұрылымдарының көбісі жойылған. Бірақ сонда да Сауд әулеті режимінің басшылары өздерінің адамгершілікке жатпайтын мақсаттарына қол жеткізе алмай отыр.