Иран Франциядағы лаңкестік шабуылдарды айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы лаңкестік топтардың Франциядағы әрекеттерін айыптады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми бейсенбі күні франциялық бір поп пен Сирияның Алеппо қаласында сириялық бір баланы бауыздау әрекетіне реакция білдіріп, осындай айуандық әрекеттердің әлемнің қай жерінде болмасын, жиіркенішті әрі айыпталатынын мәлімдеп: «Адамшылыққа жат, жабайы және жиіркеніш тудыратын осындай әрекеттерден адамзат қоғамының барлық ояу ұждандарымен бірге қатты қайғырудамыз» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы осы қылмыстардың барлығының тамырын бұрмаланған идеялар мен ДАИШ және әл-Қаида топтарының жолдан таюшылықтарында деп атап: «Әлемдіктер лаңкестікпен күресте бірігіп, халықаралық ортақ ерік-жігерге арқа сүйеп, біртұтас орталықтан бастау алатын лаңкестік идеялардың тамырын жою мақсатындағы шоғырланған талпыныстарын арттырумен шынайы және байсалды күреске бет бұруы керек» деді.
Осы аптаның сейсенбі күні екі адам Францияның солтүстік-батысында орналасқан Saint Etienne du Rouvray шіркеуіне шабуыл жасап, шіркеудің попын бауыздады. Францияның полициясы екі қылмыскерді де өлтірді.