Иран мен Әзірбайжан республикасы арасында банк істері жеңілдетіледі
Әзірбайжан республикасындағы Иран елшісі Мохсен Пакайин Иран мен Әзірбайжан республикасы арасындағы банктік ынтымақтастықтарды жеңілдету тақырыбының ИИР Президентінің Бакуге жасайтын сапарында қарастырылатынын мәлімдеді.
Әзірбайжан республикасындағы Иран елшісі Мохсен Пакайин ИИР-ның Президенті Хасан Руханидің Әзірбайжан республикасына жасайтын сапарының бағдарламасына тоқталып: «Бұл сапар Әзірбайжан республиксының Президенті Илхам Әлиевтің ресми шақыруымен жүзеге асырылады» деді. Иранмен Әзірбайжан республикасы және Ресей басшыларының үшжақты саммиті 2016 жылдың тамыз айының 8 күні Бакуде өтеді. Қауіпсіздік, Каспий теңізінің құқықтық режимі, қуат және тасымал – алдағы саммитте қарастырылатын негізгі тақырыптар.