Арабстан – лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз етуші ел
https://itolqyn.com/news/world-i11917-Арабстан_лаңкестерді_қару_жарақпен_қамтамасыз_етуші_ел
Хабар дереккөздерінен Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестерді Сауд Арабиясының қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырғаны мәлім болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 29, 2016 09:30 Asia/Almaty
  • Арабстан – лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз етуші ел

Хабар дереккөздерінен Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестерді Сауд Арабиясының қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырғаны мәлім болды.

«Әл-Алам» хабар арнасының Maroc Hespress торабына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, жаңадан жүргізілген бір зерттеудің нәтижелері Таяу Шығыстың кейбір елдерінің, әсіресе Арбастанның өткен төрт жылда шығыс Еуропа елдерінен жасырын түрде қару сатып алу арқылы лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін кең ауқымды желі қалыптастырғанын көрсетеді. Осы мәліметке сәйкес, мыңдаған мылтық, бытыра оқ, зымыран, танкке қарсы мықты құрылғылар, пулеметтер қару-жарақ пен құрылғылардың жаңа жолдары мен арналары арқылы Балканнан Арабстан мен Сириямен шекаралас елдерге жіберіліп, осы үдеріс әлі жалғасып жатқан көрінеді. 

БҰҰ мен әскери ақпараттар орталығының мәліметтеріне сәйкес, қару-жарақтар мен оқ-дәрі тасымалдайтын жолдар Босния мен Герцеговиниядан, Болгария мен Хорватиядан, Чехия мен Монте-Негродан, Словакия мен Сербия және Румыния елдерінен болған.  Осы сегіз ел Сирия дағдарысы күшейе түскеннен бері Арабстан мен Йордания, БАӘ мен Түркияға көп қару-жарақ сатқан.