Федералдық тергеу басқармасының төрағасы тәкфирлік лаңкестіктің өрістеуі туралы ескертті
(last modified Sat, 30 Jul 2016 16:45:35 GMT )
Шіл 30, 2016 22:45 Asia/Almaty
  • Федералдық тергеу басқармасының төрағасы тәкфирлік лаңкестіктің өрістеуі туралы ескертті

Американың федералдық тергеу басқармасының (FBA) төрағасы Джеймс Куми Ирак және Сирияда ДАИШ- тің жеңілуінің батыстықтардың қауіпсіздігі үшін кері салдарлары болады деп ескертті.

<Куми ДАИШ-тің Ирак пен Сирияда өзінің ықпал аймағында күйреуі лаңкестердің әлемнің өзге аймақтарына таралуына әкеп соқтырады деген болжам айтты. Американың федералдық тергеу басқармасының төрағасы лаңкестердің Таяу Шығыс пен әлемге таралуына байланысты оны келешектегі ықтималды сценарийлермен байланыстырып, бұл жолы лаңкестер бұрынғыдан әлдеқайда жылдамырақ әлемге таралады деп қуаттады. Ол Еуропадағы жуырдағы лаңкестік оқиғаларға сілтеме жасап: «Біз өз болашағымызды Брюссель мен Парижден көрдік» деді. Американың федералдық тергеу басқармасы төрағасының ДАИШ- ке қарасты тәкфирлік лаңкестердің әлемнің өзге аймақтарына таралуына байланысты лаңкестік шабуылдардың ұлғаю ықтималы туралы ескертуі мына мәселеге назар аударып айтылып отыр: Батыстың қауіпсіздік органдарының мойындауынша, осы лаңкестердің едәуір бөлігін батыстық, әсіресе еуропалық елдердің азаматтары құрап отыр. Қазір олар ДАИШ- тің жеңілістеріне байланысты Ирак пен Сирияны тастап, өз отандарына оралудан басқа амалы болмайды. Осы негізде Еуропа полициясы Сирия мен Иракта соғысып жатқан еуропалық экстремистердің саны 5 мың адам деген болжам айтуда. Солардың үштен бірі, яғни 1500-1800 Еуропаға оралған. Осы әсірешіл адамдардың идеологиялық және әскери білім алуы мен түрткісі бойынша олардың лаңкестік шараларға бару ықтималы зор. 2015 жылдың қаңтар мен қараша айларындағы Париждегі лаңкестік шабуылдар, 2016 жылдың наурыз айындағы Брюссельдегі шабуыл мен 2016 жылдың шілде айында Ницца қаласына жасалған шабуыл ДАИШ- тің батыстық нысандарға барлық мүмкіндіктері және мүшелерімен шабуыл жасауға бекем бел буып отырғанын көрсетті. Шын мәнінде Еуропада лаңкестік шабуылдардың орын алу ықтималы қазір аз емес. Лаңкестік шабуылдардың қайталануына қарағанда, тіпті кейбір еуропалық қайраткерлер, соның ішінде Францияның үкімет басшысы Мануэль Вальс Франция халқы лаңкестік шабуылдармен қатар өмір сүруге дағдылануы керек деп ашық мәлімдеме жасады. Батыс қайраткерлері мен қауіпсіздік органдары мынадай жағдайда лаңкестік қоқан-лоққылардың ұлғаюын тілге тиек етіп отыр: Еуропалық Одаққа кіретін кейбір үлкен елдер, әсіресе Франция мен Ұлыбритания АҚШ-пен бірге ДАИШ лаңкестік тобы мен Сириядағы өзге тәкфирлік топтарды құру және соларды күшейтуде маңызды да шешуші рөл атқарған. Қазір олардың осы әрекетінің жемісі лаңкестіктің Батысқа, әсіресе Еуропаға қанат жаюымен еуропалық тәкфирліктердің өз елдеріне оралуы арқылы көрініс беріп отыр. Батыстықтар олардың Сирияда лаңкестік топтарды құру және өрістетуге жаппай көмектесуінің салдарлары күндердің күнінде өздеріне оралады деп ойламайтын. Шын мәнінде бүгін кейбір батыстық үкіметтер Таяу Шығысқа сепкен лаңкестік тұқымының өнімін орып жатыр. Алайда америкалықтар да осы арада ДАИШ-тың шабуылдарынан несібесіз қалмаған. 2015 жылдың желтоқсан айының 2 күні Калифорния штатының «Сан-Бернардино» қаласындағы лаңкестік шабуылды ДАИШ- ке үн қосқан екі адам жасады. Қазір Американың федералдық тергеу басқармасының төрағасы тәкфирлік лаңкестіктің өрістеуінің қараңғы келешегін болжап, батыстықтарға әсірешілдер тарапынан жасалатын жаңа лаңкестік шабуылдарға дайын болуы керек деп ескерту жасады. Тәкфирлік лаңкестіктің өрістеуі шын мәнінде лаңкестікті құрал ретінде қолданудың және оны жақсы мен жаманға бөлудің салдары болып табылады. Батыстықтар мен олардың араб одақтастары тәкфирлік лаңкестікке тосқауыл қоюдың орнына тек өз мақсат- мүдделерін алға ілгерілету үшін тәкфирлік-лаңкестік топтар мен өзге ондаған лаңкестік топтарды тәрбиелеп өсірді. Нәтижесінде осы топтар елеулі күш жинап, еуропалық елдер мен Америкада лаңкестік шаралар жасады. Сол кезге дейін осындай шабуылдардың орын алу мүмкіндігі аз болатын.