Арменияда бір полиция қызметкері қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i11995-Арменияда_бір_полиция_қызметкері_қаза_тапты
Арменияның астанасы Ереван қаласында қарулы адамдардың оқ атуы салдарынан бір полиция қызметкері қаза тапты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 31, 2016 15:30 Asia/Almaty
  • Арменияда бір полиция қызметкері қаза тапты

Арменияның астанасы Ереван қаласында қарулы адамдардың оқ атуы салдарынан бір полиция қызметкері қаза тапты.

Армения полициясы екі апта бұрын Ереванда полиция бөлімшесін басып алған қарулы адамдардың сенбі күні бір полиция қызметкерін оққа ұшырғанын мәлімдеді.

Полиция бұдан бұрын осы дағдарысты тоқтату үшін қарулы адамдарға шабуыл жасайтынын ескерткен болатын.

Осындай жағдайда ақпарат құралдары сенбі күні Арменияда тынышсыздықтардың жалғасып, кеше кешке болған қақтығыстар барысында 60 адамның жараланып, 50 адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Жирайр Сефилянның жақтастары болып табылатын 20-ға жуық қарулы адам 17 шілде күні Ереванда бір полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, бір полиция қызметкерін өлтіріп, бірнеше адамды кепілге алған болатын.

Жирайр Сефилян үкіметке қарсы адам болып саналады, ол қазір түрмеде жатыр.

Кепілге алушылар Ресейді жақтаушы Армения Президенті Серж Саргсянның отставкаға кетуін талап етуде.