Жапония Иранға 10 млрд доллар инвестиция салады
(last modified Sun, 31 Jul 2016 10:09:18 GMT )
Шіл 31, 2016 16:09 Asia/Almaty
  • Жапония Иранға 10 млрд доллар инвестиция салады

Иран Мұнай министрінің сауда және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Жапонияның Иран экономикасының әртүрлі салаларына 10 млрд доллар инвестиция салатынын хабарлады.

Иран Мұнай министрінің сауда және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Амир Хосейн Заманиниа Иранға инвестиция салу жөнінде Жапониямен келіссөздердің жүргізілгеніне тоқталып: «Жапония – Иранның байырғы жақсы серіктесі.  Бүгінде бұл ел санкциялар жойылғаннан кейін де Иранның мұнай өнеркәсібінде белсенді рөл атқаруға мүдделі.

Жапониялық компаниялар Иранның мұнай өнеркәсібінің әртүрлі салаларына, соның ішінде мұнай-химия пен мұнай өңдеу зауыттарына инвестиция салуды қалайды. Қазір осы салаға инвестиция салу тәсілін анықтау үшін жағдайға бағалау жұмыстарын жүргізуде. Жапониялық компаниялар Иранның LNG газ конденсаты саласында жұмыс істеуді қалайды. Осыған қатысты келіссөздер жүргізілді»,-деді.  

Жапония – Иран мұнайының азиялық тұтынушысы. Бұл ел «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалғаннан кейін Ираннан мұнай сатып алудың көлемін ұлғайтты.