Иран мен Еуропалық Одақ экономикалық және кедендік салалар бойынша ынтымақтастық жасайды
(last modified Sun, 31 Jul 2016 17:23:04 GMT )
Шіл 31, 2016 23:23 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуропалық Одақ экономикалық және кедендік салалар бойынша ынтымақтастық жасайды

Еуропалық Одақтың бір делегациясы Иранның кеден басшыларымен экономикалық және кедендік ынтымақтастықтарды кеңейту жолдарына шолу жасау үшін кездесіп, әңгімелесті.

 Еуропалық Одақтың бәсекеге қабілеттілік басқармасының төрағасы Эрик Мамер осы кездесуде барлық салалар бойынша, соның ішінде кедендік істерде Иран мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге әзірлік танытып: «Еуропалық Одақ делегациясының Иранға жасаған сапары осы одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могеринидің өткен сәуір айындағы Теһранға жасаған сапарының жалғасы болып табылады» деді.

Екі тарап осы отырыста сондай- ақ бірлескен білім курстарын өткізу, кеденге қатысты мәселелерде техникалық көмектер және электрондық мәліметпен алмасу туралы сұхбаттасты.

.