Еуропалық Одақ Арменияда кепілдікке алынған адамдарды босатуды және саяси келіссөзді бастауды сұрады
Еуропалық Одақ Армениядағы соңғы дағдарысты доғару үшін кепілдікке алынған адамдарды дереу босатуды, саяси келіссөзді бастауды сұрады.
Еуропалық одақтың сайтында жарияланған мәлімдемеде: «Армения астанасы Еревандағы таяудағы өзгерістер көңіл алаңдатарлық. Осы одақ кепілдікке алынған медициналық кадрдың дереу бостандыққа шығарылуын талап етеді.
Саяси өзгерістерге қол жеткізу үшін қатыгездікке жүгіну қабылдауға келмейді. Қақтығыстарды саяси келіссөздер арқылы, демократия, заң және негізгі бостандықтарды құрметтеу бойынша шешу керек» деп қуатталған..
Армения үкіметінің қарсыласы Жирайр Сефилиянды жақтаушы 20 шақты қарулы адам 17- ші шілдеде Еревандағы бір полиция орталығына шабуыл жасап, бір полиция қызметкерін өлтіріп, бірнеше адамды кепілдікке алды.
Үкіметтің қарсыласы Жирайр Сефилиян қазір түрмеде қамауда отыр.