Британдықтардың басым көпшілігі ядролық қару қолдануды қолдады
Сенбі күні жарияланған «YoyGov» кеңсесінің жаңа сауалнамасының қорытындысы британдықтардың басым көпшілігінің осы елдің жаңа үкімет басшысының атомдық қаруды қолдану жөніндегі ұсынысын қолдайтындығын көрсетеді.
«YoyGov» кеңсесінің жаңа сауалнамасына қатысқан кісілердің 59 пайызы өздерінің, егер үкімет басшысының орнында болғанда осындай шешім қабылдайтындықтарын айтса, 66 пайызы да үкімет басшысының осы шешімін қолдайтындықтарын мәлімдеді. Ұлыбританияның жаңа үкімет басшысы Тереза Мей таяуда осы елдің парламентінде ядролық қаруды қолдануға дайын екендігін айтты. Тереза Мэй соғысқұмарлығымен және соғысты қолдау тұрғыларымен танымал. Ол Консерваторлар партиясының жетекшісі болған кезде 2003 жылы Америка мен Ұлыбританияның Иракқа шабуыл жасауына дауыс берді.