Ереванда кепілге алу дағдарысы аяқталды
Арменияда үкіметке қарсылардың кепілге алу оқиғасы кепілге алушылардың барлығының берілуімен аяқталды.
Арменияның қауіпсіздік күштері мен полициясы жексенбі күні екі апта бұрын басталған үкіметке қарсылардың кепілге алу оқиғасын аяқтады.
Арменияның Ұлттық қауіпсіздік басқармасы мәлімдеме жариялап: «Кепілге алғаннан кейін Еревандағы бір полиция бөлімшесін паналаған үкіметке қарсы 20 адам қауіпсіздік күштеріне берілді» деді.
Кепілге алушылар 17 шілдеде Ереван қаласында Армения полициясына қарасты бір бөлімшеге шабуыл жасап, бір полиция қызметкерін өлтіріп, бірнеше адамды кепілге алған болатын.
Бұл шабуыл Армения оппозиционерлерінің жетекшісі Жерайр Сефилянды азат ету үшін жасалды. Ол 20 маусымда Ереванда бірнеше мемлекеттік кеңсе мен коммуникациялық нысандарды басып алу қастандығын ұйымдастырды деген айыппен қамауға алынған болатын.
Сефилянның жақтастары Армения Президенті Серж Саргсянның отставкаға кетуін талап етті.