Ислам - қатігездік, экстремизм мен терроризмге қарсы дін
(last modified Mon, 01 Aug 2016 10:28:25 GMT )
Там 01, 2016 16:28 Asia/Almaty
  • Ислам - қатігездік, экстремизм мен терроризмге қарсы дін

Францияның жүздеген мұсылманы мен христианы осы елдің Лион қаласында болған лаңкестік әрекеттерді айыптау үшін шеру өткізді.

Бұл шеру Франциядағы Мұсылмандардың рәсімдік кеңесінің шақыруымен өтті. Өткен бірнеше аптаның ішінде Францияда бірнеше лаңкестік әрекет болды. Олардың ең соңғысында Францияның солтүстік-батысында бір діни қызметкер өлтірілді.  Франциядағы  мұсылмандардың қоғамдары әртүрлі мәлімдемелер жариялап, осы лаңкестік әрекетті айыптаумен қатар, оның ислам мен мұсылмандарға телінуіне қарсылықтарын білдірді.  

Осы айыптаулар аясында сенбі және жексенбі күндері Лион қаласында мұсылмандар мен христиандардың бауырластығы мен тілеулестігін көрсету үшін шеру өтті.

Франция,  Бельгия мен Германияда бірнеше лаңкестік әрекет орын алғаннан кейін Еуропада исламнан үркіту және исламмен жауласу толқыны басталды. Осындай лаңкестік әрекеттер жасаған адамдардың барлығы әртүрлі себептермен ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобына жатады деп жарияланды.  Саяси және ақпараттық орталарда кейбіреулер саналы түрде, басқалар абайсызда осы лаңкестік әрекеттерді ислам мен бүкіл мұсылмандарға теліп отыр. Оңшыл әсірешіл және исламмен жауласу ағымдары осы мүмкіндікті мұсылмандарға шабуыл жасап, оларды Еуропадан қуу үшін пайдаланып келеді. Еуропада оңшыл әсірешіл партиялар мен топтарға бет бұру көбейді. Оңшыл әсірешіл ағымдарға бет бұру Батыстың қоғамдық пікірінің бейбітшіл шынайы Ислам мен оның әділетті талап етіп, кез-келген діни ұстанымдағы барлық адамдармен тату өмір сүру деген жолдауынан хабарсыз екенін көрсетеді. Исламның тағылымдарында қатігездік пен экстремизмге орын жоқ. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Мәдина қаласында үкімет құрғаннан кейін де дінге шақыру бұрынғыдай Ислам дінін жарнамалаудың ең маңызды тәсілі болды. Ешбір қала мен елді мекендердің халқы ислам дініне зорлап кіргізілмеді. Әрбір адам жүрегінің ризалығы мен ішкі сенімнің арқасында Исламға иман келтірді.

Ал лаңкестік-тәкфирлік топтар исламның бейбіт тағылымдарын бұрыс түсініп, аймақ пен әлемде қатігездік пен экстремизмді таратты. Батыс елдері осы аймақта саяси себептер мен исламмен жауласу ағымдарын қолдау арқылы лаңкестік-тәкфирлік топтардың қылмыстарын ислам мен мұсылмандардың илаһи кітабы Құран Кәрімге теліп отыр. Ал Батыс елдерінің өздері лаңкестік-тәкфирлік ағымдардың ең негізгі демеушісі Сауд Арабиясымен саяси-экономикалық, әскери-қауіпсіздік салаларындағы әріптестікті ең жоғары деңгейде  сақтап, ең жақсы қарым-қатынас жасап отыр. Мұны кейбір батыстық саясаткерлер мен ақпарат құралдары да мойындады.

Германия Парламенті төрағасының орынбасары Клаудия Рос: «Сауд Арабиясы – Таяу Шығыста терроризмді таратушы ең үлкен ел»,-деп пікір білдірді. АҚШ-тың Қаржы министрі де осыдан бұрынырақ жасаған баяндамасында Сауд Арабиясының лаңкестік топтарғы, соның ішінде ДАИШ-ке демеушілік жасайтынын мойындады. Германияның «Süddeutsche Zeitung» газеті де бір баяндамасында: «Сауд Арабиясы мен кейбір араб елдері ДАИШ тобын қаржылай қамтамасыз ететін ең негізгі елдер болып саналады»,-деп баса айтты. Ұлыбританияның «Independent» газеті де өз мақалаларында: «Сауд Арабиясы әл-Каиданың Ауғанстан мен әлемнің басқа да көптеген елдеріне ену үдерісінде үлкен рөлге ие болды»,-деп жазды. Батыстың келесі бір басылымы «Guardian» да өзінің мақаласында: «Егер шынымен терроризмді ауыздықтағымыз келсе, Сауд Арабиясының демеушілігіне тосқауыл қоюымыз керек»,-деп ашық түрде айтты. Осы мақаланың авторы Сауд әулетін әлемнің ең ірі диктаторларының бірі деп атады.

Осы пікірлер Еуропада орын алған лаңкестік әрекеттердің ислам мен дінге ешқандай қатысы жоқтығын, бұл қылмыстарды жасаушылардың тек исламның атын жамылғанын, мұсылман елдерінен шықса да, ислам тағылымдарынан мүлде хабарсыз екенін көрсетеді. Батыста қоғамнан тысқары қалған осындай адамдар жасаған лаңкестік әрекеттерді исламға жатқызу исламның келбетін бұзу және Батыс елдерінің мұсылман елдерде жүргізіп жатқан саясаттары және қатігездік, экстремизм  мен терроризмді тарату әрекеттерін түсіндіру мақсатында жасалып отыр. Батыс елдерінің өткен 5 жыл ішінде Сирияда дағдарыс тудыруы олардың әлем мен аймақта қатігездік пен терроризмді тарату үшін жасап жатқан саясаттары мен шараларының бір дәлелі болып табылады.