Иран мен Әзірбайжан Республикасы ақпараттық технология саласында әріптестік жасайды
(last modified Tue, 02 Aug 2016 09:18:53 GMT )
Там 02, 2016 15:18 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан Республикасы ақпараттық технология саласында әріптестік жасайды

ИИР мен Әзірбайжан Республикасы коммуникация мен ақпараттық технология саласындағы өзара ынтымақтастықтарын кеңейтеді.

Иранның  Коммуникация мен ақпараттық технология министрі Махмуд Ваези мен Әзірбайжан Республикасының Коммуникация мен ақпараттық технология министрі Рамин Гулузаде дүйсенбі күні Бакуде ортақ отырыс өткізіп, екі елдің коммуникация саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту жолдарын талқылады.  

Ваези осы отырыстың соңында шекараларда әртүрлі операторлар жұмысының араласуын тоқтатудың, Иран мен Әзірбайжан Республикасының  кең желілерін бірыңғай дыбыс тарату үшін бір-біріне пайдалануға беруді, зерттеу саласында ортақ жобалар орындауды, ортақ марка басып шығарып, поштаралық әріптестік жасауды тараптардың бүгінгі келісімдерінің қатарын құрағанын айтты.  

Әзірбайжан Республикасының Коммуникация мен ақпараттық технология министрі осы отырыс соңында  Теһран-Бакудың  пошта, киберлік қауіпсіздік, жиіліктер мен басқа да коммуникациялық салаларда қарым-қатынастарын кеңейтуді қарастырып жатқанын хабарлап: «Бұл байланыс екі елдің достық және бауырластық қатынасы аясында жалғасатын болады»,-деді.