Түркияның ескертуін Қырғызстан негізсіз деп атады
Там 02, 2016 22:37 Asia/Almaty
Қырғызстан президенті осы елде әскери төңкеріс болу ықтималы туралы Түркияның ескертуіне жауап берді.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев осы елде Фетхуллаһ Гүлен жетекшілігіндегі «Hizmet» қозғалысының жақтаушылары тарапынан әскери төңкерістің орын алуы туралы Түркияның мәлімдемесіне берген жауабында оны негізсіз деп атап: "Қырғызстанда Фетхуллаһ Гүленнің қолдауымен Ғылым министрлігінің бағдарламалары бойынша жұмыс істеп жатқан мектептер мен кеңселер ешқандай заңды бұзған жоқ" деді.
Тегтер