Техас университеттерінде емін- еркін қару алып жүруге болады
Американың Техас штатының бір университетінде болған атыс оқиғасының 50- ші жылдығында осы штаттың университеттерінде емін- еркін қару алып жүру заңы күшіне енгізілді.
Өткен 2015 жылы бекітілген осы заң дүйсенбі күні Техас штатында күшіне енгізілді. Соған сәйкес университетте емін- еркін қару алып жүруге болады, алайда колледждер қару алып жүруге шектеу қоя алады.
Осыдан 50 жыл бұрын ауқымды атыс оқиғасы мен 14 адамның өліміне куә болған Техас университетінің ректоры Джордж Фенвес осы атыс оқиғасын еске алу рәсімінде өздерінің университеттерінің қауіпсіз кеңістікке ие екендігін, осы қауіпсіздіктің бұзылмайтынын айтты.
Техас Орегон, Колорадо және Калифорниямен қатар университетте қару алып жүруге рұқсат берген Американың 8- ші штаты болып табылады.
Техас университетінің бірнеше ұстазы осы заңға қарсы шағымданып: «Сөз бостандығы бұзылуы мүмкін, өйткені қаруы бар студенттер қорқынышты кеңістік қалыптастыра алады» деп мәлімдеді.
Техас университетінде 1966 жылы жылы болған атыс оқиғасынан 14 адам қаза тапқан болатын.