Тахтраванчи: Иран мен Ұлыбританияның байланысы елші деңгейіне жоғарыламайды
Иран СІМ- нің Еуропа және Америка департаментінің орынбасары Иран мен Ұлыбритания байланыстарын әлі елші деңгейіне жоғарылатудың кезі жетпегенін мәлімдеді.
Мәджид Тахтраванчи Ұлыбританияда үкіметтің өзгеруіне байланысты Иран мен Ұлыбританияның байланысын елші деңгейіне жоғарылату жөнінде айтқан сөзінде: «Екі елдің өз байланыстарын елші деңгейіне жоғарылатуы үшін айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Қазіргі кезде екі елдің байланысы дипломатиялық өкілдікті уақытша басқаратын адам деңгейінде болып отыр. Егер байланысты елші деңгейіне жоғарылататын жағдайға жетсек, бұл тақырып Иранның ішкі ережелері шеңберінде орындалады» деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сондай- ақ Иранның Гаага халықаралық сотында Иранның байлықтарын заңсыз түрде тәркілеуіне қатысты Американың үстінен түсірген шағым жөнінде: «Иран бұл жөнінде өзінің арыз- шағымын Гаага сотында тіркеген. Шағым алғашқы кезеңдерден өтіп, Иранның адвокаттары алғашқы құжаттарды сот мекемесіне ұсынды» деді.