Италияның «Saras» мұнай компаниясы Иранға қарызының бір бөлігін төледі
(last modified Tue, 02 Aug 2016 17:24:02 GMT )
Там 02, 2016 23:24 Asia/Almaty
  • Италияның «Saras» мұнай компаниясы Иранға қарызының бір бөлігін төледі

Италияның «Saras» мұнай өңдеу компаниясы Иранға қарызының бір бөлігін төледі.

Италияның «Saras» мұнай өңдеу компаниясының атқарушы директоры осы компанияның Иранға қарсы санкция салынудан бұрын, яғни 2012 жылы шикі мұнай сатып алған қарызының бір бөлігі  - 100 млн евросын (112 млн доллар) төлегенін хабарлады. Италияның «Saras» мұнай компаниясы Иранға шамамен 350 млн евро қарыз. Ресейдің алып мұнай компаниясы «Русьнефть» акционерлерінің бірі болып табылатын «Saras» мұнай өңдеу компаниясы санкцияларға дейін өзіне қажетті мұнайдың едәуір бөлігін Иран арқылы қамтамасыз ететін.