Иран мен Қырғызстанның лаңкестікке қарсы ынтымақтастықтары кеңейеді
Иран ислам республикасы мен Қырғызстан лаңкестікпен және ұйымдасқан қылмыспен күресу негізіндегі ынтымақтастықтарын кеңейтеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Қырғызстан қайраткерлерімен кеңесу үшін Бішкекке сапар шеккен Иранның Барлау министрі Махмуд Алави сәрсенбі күні осы елдің ұлттық қауіпсіздік үкіметтік комитетінің төрағасы Абдил Сегизбаев және үкімет басшысының қауіпсіздік істері бойынша орынбасары Жениш Рызақовпен кездесіп, әңгімелесті.
Осы кездесуде екі тарап қос жақты ынтымақтастықтарды, әсіресе аймақта лаңкестікпен және ұйымдасқан қылмыспен күресу негізінде кеңейту жолдарын қарастырды.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік үкіметтік комитетінің төрағасы мен үкімет басшысының қауіпсіздік істері бойынша орынбасары екі жақты ынтымақтастықтарға қолдау көрсетумен қоса, аймақта қатыгездікпен және лаңкестікпен күрес негізінде Иран ислам республикасының тәжірибелерімен алмасуға мүдделілік танытты.