Батыстың адам құқығы туралы тұрғылары - екіжүзділік
(last modified Wed, 03 Aug 2016 18:25:38 GMT )
Там 04, 2016 00:25 Asia/Almaty
  • Батыстың адам құқығы туралы тұрғылары - екіжүзділік

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы батыстықтардың адам құқығы туралы тұрғыларын біржақты, бірбеткей және екіжүзділік деп атады.

 Иранның «Хабар» арнасының ақпарат тарату торабының мәлімдеуінше, Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани сәрсенбі күні «Исламдық адам құқығы» атты форумда сөйлеген сөзінде: «Әлемдік сахнада қарсы тараптармен, соның ішінде Батыс үкіметтерімен қарсы келгенде  олардың тіпті өз сөздерінде тұрмайтыны дәлелденді.  

Батыстықтардың ислам және өзге діндерге қатысты тұрғысы таңатын тұрғы болып табылады. Бірақ адам құқығының таңуға еш қатысы жоқ. Батыс әлемге ислам елдері өздерінің тұрмыс тәсілін ислам негізі бойынша орнатуға хақысы жоқ дейді. Мұсылмандарды өздерінің негізгі құқықтарынан мақұрым ете тұра, олар үшін кейбір жанама бостандықтарды беру керек деп есептейді» деді.

Осы форумда исламдық адам құқығының үшінші жүлдесі бейбіт түрде мұсылмандардың құқығын қорғаудағы әсерлі рөлі үшін аятолла шейх Иса Ғасем мен мұсылмандардың құқығын қорғаудағы және исламға үрке қараумен күресудегі әсерлі рөлі үшін Лондон исламдық адам құқығы комиссиясының зерттеулер бойынша бас хатшысы Арезу Мерали ханымға ортақ түрде ұсынылады.