Дұшпан Иранның шекараларына бейберекеттіктерді жеткізуде жеңіліс тапты
ИИР Армиясының құрлық күштерінің қолбасшысы «Дұшпан ДАИШ лаңкестік тобы арқылы бейберекеттіктерді ИИР-ның шекараларына жеткізуді көздейді» деді.
«Меһр» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР Армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы, бригада генералы Пурдастан бейсенбі күні Иран армиясының солтүстік-батыс базасының бұрынғы қолбасшысымен қоштасып, жаңа қолбасшыны таныстыру рәсімінде сөйлеген сөзінің жалғасында: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен ИИР-ның Армиясы осы уақытқа дейін ДАИШ лаңкестік тобының ИИР-ның шекараларында бейберекеттік қалыптастыруына кедергі жасау үшін толық дайындық жағдайда. ДАИШ-тың Ауғанстан мен Иранның шығыс аймақтарындағы әрекеттеріне қарамастан бұл топ Иранда ешқандай әрекет жасау әлеуетіне ие емес» деді.
ИИР Армиясының құрлық күштерінің қолбасшысы сонымен бірге Американың жаңа стратегиясын «дінге қарсы дін соғысы» деп атап: «Иран бүгінде гибридтік соғыспен бетпе-бет келіп отыр. Бірақ Американың ИИР-н құлату әрекеттері жүзеге асқан жоқ. Иранның дұшпандары Иранға қарсы «жұмсақ» соғыс пен экономикалық соғыс саласына қаржы салуды мақсат етуде» деді.