Ресей Қорғаныс министрі Иранның Президенті және Қорғаныс министрімен кездесті
Ресей Қорғаныс министрі ИИР-ның Президенті және Қорғаныс министрімен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен Теһрандағы кездесуінде: «Сирия дағдарысы тек саяси келіссөздер және ел халқының құқықтарын құрметтеу арқылы шешіледі. Тек Сирия халқы ғана өз елінің келешегі туралы шешім қабылдайды»,- деді.
Рухани сонымен бірге Ресей Қорғаныс министрінен аймақтың тұрақтылығы және Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты келіссөздердің үдерісіндегі өзгерістер туралы мәлімет алды.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу де бұл кездесуде өз елінің президенті Владимир Путиннің арнайы жолдауын Руханиге жеткізіп, Сирияға қатысты келіссөздердегі соңғы өзгерістері туралы мәлімдеді.
Ресей Қорғаныс министрі сондай-ақ ИИР-ның Қорғаныс министрі Хосейн Деһқанмен кездесіп, екіжақты мәселелер туралы сұхбаттасты.
Сергей Шойгу мен Хосейн Деһқан кездесуде Иран мен Ресей арасындағы қорғаныс келісімдерін іске асыру туралы пікір алмасты. Кездесуде сонымен қатар алдағы көктемде Мәскеуде өтетін қауіпсіздік конференциясы туралы пікір алмасылды.