Қазақстан Гүлен қозғалысына қарасты түрік мұғалімдерді елден шығарады
Қазақстан республикасының Елбасы жұма күні елінің Фетхуллаһ Гүленге қарасты «Hizmet» қозғалысымен байланысы бар түркиялық мұғалімдерді елден шығаратынын мәлімдеді. Анкара соңғы сәтсіз әскери төңкерісті Гүлен ұйымдастырды деп отыр.
«Reuters» ақпарат агенттігінің Ыстамбұлдан хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада өзінің түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуден кейін: «Түркияға қарсы әрекет жасау бізге пайдалы емес. Біз Түркиядан қазіргі мұғалімдердің орнына жаңа мұғалімдер аттандыруды сұраймыз. Қазақстан мектептерінде қызмет атқарып жатқан мұғалімдердің 90 пайыздан астамы осы елдің азаматтары, 8- 9 пайызы ғана түркиялық» деді.
Қазақстан республикасының Елбасы Түркиядағы сәтсіз әскери төңкерістен кейін осы елге сапар шеккен шетелдік алғашқы президент болып табылады.