Путин: Ресей мен Иранның ядролық ынтымақтастықтары стратегиялық
Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы президенттерінің үш жақты кездесуінің қарсаңында Ресей президенті Мәскеу мен Теһранның бейбіт ядролық ынтымақтастықтарын стратегиялық деп атады.
ИРНА- ның жұма күнгі хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин жұма күні Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы президенттерінің үш жақты кездесуіне қатысу үшін Әзірбайжан республикасының астанасы Бакуге сапары қарсаңында: «Иран Ресейдің байырғы серіктесі болып табылады. Мәскеу ядролық келісімнен кейін Иранның ядролық бағдарламасына қатысты текетіресті азайту екі жақты байланысқа пайдалы болады деп санайды. Екі ел арасында мұнай мен газ, әуе- ғарыш және электр қуатын өндіру салаларында үлкен жобалар даярлануда. Екі елдің ортақ ынтымақтастығымен Иран мен Ресей арасындағы сауда- саттық көлемі биылғы жылдың алғашқы бес айында 70 пайызға ұлғайып, шамамен 855 млн долларға жетті» деп, Ресейдің Иранға 2,2 млрд евро қарыз беруге дайын екендігін мәлімдеді.