Адам құқығын қорғау ұйымдары тәжік оппозиционерінің Түркиядан Тәжікстанға эктрадициялануына қарсылық білдірді
Анкара мен Душанбе сот органы қайраткерлерінің тыйым салынған «24» тобының бір мүшесін Тәжікстанға қайтару туралы келісімі адам құқығын қорғау ұйымдарының қарсылығына ұшырады.
Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты тәжік тіліндегі радиосының сенбі күні «Орта Азиядағы адам құқығын қорғау ұйымының» сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Парижде орналасқан бұл ұйым Түркия үкіметін тыйым салынған «24» тобының бір мүшесі 27 жастағы Абдулрашид Хамидовты Тәжікстанға қайтарудан бас тартуды сұрады.
Бұл ұйым БҰҰ-ның азаптау істері жөніндегі арнайы баяндамашысы, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғары комиссариаты, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Адам құқығын бақылау ұйымы, Халықаралық кешірім ұйымы, Норвегияның Хельсинки комитеті мен Адам құқығы жөніндегі халықаралық кеңестен өз мүмкіндіктерін пайдаланып, Абдулрашид Хамидовтың Тәжікстанға қайтарылмауы үшін шара қолдануды сұрады.
Абдулрашид Хамидов 2016 жылдың 15 сәуірінен бері қамауда жатыр.
Тәжікстанның Жоғары соты 2014 жылы «24» тобының елден тыс жерде Душанбе үкіметіне қарсы сөздеріне байланысты бұл ұйымның жұмысына тыйым салып, оны экстремистік топтардың тізіміне қосты.
Осы уақытқа дейін Тәжікстанда осы топтың ондаған мүшесі құрықталып, ұзақ мерзімге түрмеге қамалды.