Рухани: Иранның Әзірбайжан республикасымен байланысы артты
(last modified Sun, 07 Aug 2016 11:55:39 GMT )
Там 07, 2016 17:55 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның Әзірбайжан республикасымен байланысы артты

ИИР президенті: "Иранның Әзірбайжан республикасымен байланысы соңғы жылдары жақсы дамып, екі елдің сауда- саттық, экономикалық және саяси қарым- қатынасы бұрынғымен салыстырғанда артты" деді.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһраннан Бакуге аттанар кезінде тілшілерге берген сұхбатта: «Иран мен Ресейдің байланысы да стратегиялық байланысқа қарай дамуда. Екі ел аймақтық және халықаралық түрлі мәселелер бойынша өзара игі серіктестікке ие» деді.

Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасының үш жақты отырысының мақсатын «Солтүстік- оңтүстік» дәлізі жөнінде кеңесу үшін екендігін айтқан Рухани: «Осы үш жақты отырыстан бұрын Инче-Бурунда Иран, Түркіменстан және Қазақстан президенттері және Теһранда Иран мен Ауғанстан президенттері мен Үндістанның үкімет басшысы арасында келесі үш жақты отырыс өтті. Осы отырыстарда «Солтүстік- оңтүстік» дәлізін орнату мен жандандыру мәселесі талқыға салынып, пікір алмасу болды.

Баку отырысында Иран, Әзірбайжан республикасы және Ресей темір жолының қосылуы  негізінде сұхбаттасу өтеді. Осы темір жолдың қосылуы  Шығыс және Солтүстік Еуропаның Парсы Шығанағы, Үнді мұхиты және оңтүстік елдерімен қосылуына себеп болады. Иран ислам республикасы аймақтың оңтүстігіндегі елдердің Орталық Азия және Кавказбен қосылуы бағытында орналасқан. Баку отырысында Астара- Рәшт темір жолын іске қосу негізіндегі үш жақты ынтымақтастықтар туралы сұхбаттасамыз. Биылғы жылдың соңына дейін Астара- Рәшт темір жолы іске қосылуы тиіс. Баку осы негізде серіктестік жасауға дайын» деді.