Ваези: Әзірбайжан Республикасының әріптестігімен Рәшт-Астара темір жол желісі салынады
(last modified Mon, 08 Aug 2016 14:01:43 GMT )
Там 08, 2016 20:01 Asia/Almaty
  • Ваези: Әзірбайжан Республикасының әріптестігімен Рәшт-Астара темір жол желісі салынады

ИИР Байланыстар және ақпараттық технологиялар министрі Иран мен Әзірбайжан Республикасының Рәшт-Астара темір жол желісін салуға келіскенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Байланыстар және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваези жексенбі күні кешке Иранның 1-ші арнасының «21:00 жаңалықтары» бағдарламасына телефон арқылы берген сұхбатында: «175 шақырымдық Рәшт-Астара темір жол желісін салуға 1 млрд доллар кетеді. Оның 500 млн доллары Әзірбайжан Республикасының несие желісі арқылы қамтамасыз етіледі»,-деді.

Ваези Үндістанды Еуропамен қосатын «солтүстік-оңтүстік» дәлізіндегі осы темір жол желісінің толықтырылатынын айтып: «Биылғы жылдың соңына дейін Астара-Астара темір жол желісі де Әзірбайжан Республикасының темір жол жүйесіне қосылады. Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасында визаны алып тастау үшін алдымен екі елдің іскерлері мен саяхатшыларына арнайы жеңілдіктер жасалып, виза әуежайда берілетін болады. Келесі кезеңде виза жойылады»,-деп мәлімдеді.