Әзірбайжан Республикасында тұратын ирандықтар Руханимен кездесті
Әзірбайжан Республикасында тұратын ирандықтар Бакуде Иран Президенті Руханимен кездесті.
Президент аппараты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Хасан Рухани жексенбі күні кешке Әзірбайжан Республикасында тұратын ирандықтармен кездесіп, ирандықтың қай жерде тұрса да, ұлттық және діни мәдениеттің елшісі екенін айтып, Иран мен Әзірбайжан Республикасының әріптестігімен солтүстіктен оңтүстікке бағытталған транзиттік желінің аяқталғанын хабарлап, сөзінің жалғасында: «Ирандықтар барлық халықтарға қамқорлық пен қызмет жасауды таратуы тиіс. Тек біреулер Иран халқының мүдделері мен аумақтық тұтастығына сызат түсіргісі келмесе болды»,-деп мәлімдеді.
Иран Президенті Теһранның көршілес елдердің көбісімен, соның ішінде Әзірбайжан Республикасымен қарым-қатынасын өте жақсы, шынайы әрі ізгі сипатқа ие деп атап: «ИИР-ның ұйымдары мен органдарының барлық өкілдері, саудагерлері, саяхатшылары мен студенттері Иранның Әзірбайжан Республикасымен ізгі қатынасында әсерлі рөл атқарады. Бұл жақсы қатынас екі елдің қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен дамуына оң әсерін тигізеді»,-деп қуаттады.