Зейнабие аймағындағы лаңкестік жарылыстарда 80-нен астам адам қаза болды
Дамасктің Зейнабие аймағындағы лаңкестік жарылыстарда 80-нен астам адам қаза болды.
Ливанның «Әл-Майадин» телеарнасының мәліметі бойынша, жексенбі күні Зейнабие аймағында төрт лаңкестік жарылыс орын алып, жарылыстарда 80-нен астам адам қаза болып, 120 адам жарақат алған.
Әртүрлі мәліметтер бойынша бұл жарылыстар бірінен соң бірі және бомба қойылған көліктер арқылы іске асырылған.
ДАИШ тобы Зейнабие аймағындағы лаңкестік жарылыстардың жауапкершілігін өз мойынына алды.
Бұдан бұрын жексенбі күні таңертең Сирияның Хомс қаласының әл-Заһра аймағында бомба қойылған екі көлік жарылып, кемінде 46 адам қаза болып, ондаған адам жараланды. ДАИШ бұл екі жарылыстың да жауапкершілігін өз мойнына алды.
Ресей Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы мен Түркияны Хомстегі лаңкестік жарылыстарға жауапты деп атады.