Там 09, 2016 07:14 Asia/Almaty
  • Теһран мен Баку ATM жүйелерін қосу туралы келісті

Иран мен Әзірбайжан республикасы сауда- саттық және экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында банк жүйесінде байланыс орнатуға, сондай- ақ екі елдің ATM жүйелерін қосу үшін тиісті жағдай жасауға келісті.  

ИИР президентінің Әзірбайжан республикасына жасаған сапары аясында екі елдің орталық банкінің басшылары кәсіпкерлер мен саяхатшыларға ыңғайлы болуы үшін ATM жүйелерін қосуға келісті.

Осыған сәйкес алдағы екі аптада екі елдің орталық банкінің тиісті бөлімдерінде дайындық жұмыстарына жағдай жасау үшін техникалық отырыс өтеді.

Сондай- ақ осы құжат бойынша екі тарап банктік ортақ комитет құру арқылы екі елдің орталық банктерінің бюроларында банктік есеп алмасуда жеңілдік үшін қарсы тараптың есімімен арнайы есеп- шот ашатын болды.

Тегтер