Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасының өзара әріптестігі артады
Иранның Сыртқы істер министрі Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы әріптестіктің артатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Бакуде Иран Президенті Хасан Рухани, Ресей Президенті Владимир Путин мен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевтің үшжақты кездесуінен кейін өткен ортақ баспасөз конференциясында: «Баку отырысының қорытынды мәлімдемесінде үш ел басшылары әртүрлі салалар бойынша көбірек әріптестік жасау қажеттігін қуаттады.
Үш ел басшылары мен Сыртқы істер министрлерінің келесі кездесуі Теһранда өтеді»,-деп хабарлады.
Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Алмар Мухамедьяров та үшжақты кездесуде «солтүстік-оңтүстік» тасымал дәлізін толықтыруға қатысты мәселелердің талқыланғанын мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та осы баспасөз конференциясында: «Үш ел басшыларының мәлімдемесінде осы елдердің барлық салалар бойынша байланыстарын дамыта түсу қажеттігі қуатталды»,-деп хабарлады.