Иранның саясаты – көршілес елдермен қарым-қатынасты дамыту
(last modified Tue, 09 Aug 2016 08:22:20 GMT )
Там 09, 2016 14:22 Asia/Almaty
  • Иранның саясаты – көршілес елдермен қарым-қатынасты дамыту

Иран Президенті Иранның саясатын көршілес елдермен қарым-қатынасты дамыту деп атады.

«Хабар» ақпарат  арнасының хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани кеше, дүйсенбі күні Бакуде Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасы басшыларының ортақ отырысында сөйлеген сөзінде: «ИИР сыртқы саясатының принциптері бойынша көршілес елдермен жан-жақты қарым-қатынасты дамыту басым бағыт болып саналады»,-деді.

Иран Президентінің айтуынша, Бакуде Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасы басшыларының ортақ отырысын өткізу көзқарастар білдіру, пікір алмасу, қарым-қатынастың жағдайын талқылау, жалпы ортақ мүдделерді ілгерілету үшін жақсы мүмкіндік тудыратындықтан Иран тұрғысынан оң, әрі құнды бастама болып саналады.

Рухани сөзінің жалғасында: «Бұл көршілес үш ел әртүрлі дәлелдерге, соның ішінде географиялық және геосаяси жағдайына байланысты саясат, экономика, мәдениет, әлеумет, технология және қоршаған орта салаларында ортақ мәселелер, мүмкіндіктер, түйткілдер мен кейбір сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғандықтан, олардың ортақ әріптестігі мен ынтымақтастығына бұрынғыдан  көбірек қажеттілік туып отыр.

Терроризм мен экстремизм, трансаймақтық алпауыттардың аймақ елдерінің істеріне араласуы мен өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін экономикалық санкцияларды құрал ретінде пайдалануы, қоршаған орта мен есірткі саудасына қатысты мәселелер мен түйткілдер ортақ сын-қатерлер болып табылады. Бұлармен қатаң да әсерлі түрде күресу үшін осы үш ел  бұрынғыдан да көбірек әріптестік жасауы қажет»,-деді.