Иран мен Ресейдің қарым-қатынасын кеңейту маңызды
(last modified Tue, 09 Aug 2016 08:45:38 GMT )
Там 09, 2016 14:45 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің қарым-қатынасын кеңейту маңызды

Иран Президенті Иран мен Ресейдің әртүрлі салалардағы қарым-қатынасын кеңейтуді маңызды деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні түстен кейін Бакуде Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасы басшыларының ортақ отырысы аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі ел басшыларының келіссөздерін өткізу үшін  мүмкіндіктің пайда болғанына ризалық білдіріп: «Ресей Президентінің Иранға сапарының көптеген жетістіктері болды»,-деді.

Иран Президенті, сондай-ақ, Теһран мен «алтылық» елдерінің ядролық келіссөздері үдерісіндегі Мәскеудің әріптестігін құнды деп атап, Ресей Президентінің осы келіссөздер мен келісімге қол жеткізудегі рөлін көңіл аударарлық деп сипаттады.  

Рухани, сондай-ақ, екі елдің сауда байланыстарының даму үстіндегі үдерісіне ризалық білдіріп: «Бүгін үшжақты қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқыладық, сонымен қатар аймақта тұрақтылықты арттыру үшін жоспар құрдық»,-деді.

Ресей Президенті де осы кездесуде өзінің 2015 жылы Теһранға сапары мен Ислам революциясының жетекшісі және Иран Президентімен кездесуін жағымды естеліктерге толы деп сипатта: «Сол сапардан бүгінгі күнге дейін екіжақты қарым-қатынасты дамыту үшін өте жақсы қадамдар жасалды. Бұл байланыс бұрынғыдай нығая түсетін болады.

Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы жан-жақты стратегиялық серіктестікке айналды. Бұл саяси-экономикалық байланыстарға да қатысты»,-деп мәлімдеді.