Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасының басшылары үшжақты мәлімдеме жариялады
Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасының басшылары дүйсенбі күні Бакуде өз отырыстарының соңында мәлімдеме жариялап: «Осы отырысқа қатысқан тараптар лаңкестік және экстремизммен түбегейлі қарсыласуға шешім қабылдады»,-деп қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы мәлімдемеде, сондай-ақ: «Біз халықаралық қауымдастықтан әлемдік тұрақтылық пен қауіпсіздік жолында туындап отырған түйткілдер мен сын-қатерлермен әсерлі түрде күресу үшін өз талпыныстарын үйлестіруді сұраймыз»,-деп баса айтылды.
Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасының басшылары, сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін мәлімдеді. Бұл мәлімдемеде үш ел өзара қарым-қатынастың теңдік, өзара құрмет және бір-бірінің ішкі ісіне араласпау принципі негізінде болуы қажеттігін қуаттады.
Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасының басшылары Каспий теңізін бейбітшілік, достық, қауіпсіздік пен ынтымақтастық теңізі ретінде назарға алып, осы теңіздің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның тез арада қорытындыланып, бекітілуі қажеттігін айтты.