Теһран мен Баку Каспий теңізінің ластануына тосқауыл қою керектігін қуаттады
(last modified Tue, 09 Aug 2016 16:07:06 GMT )
Там 09, 2016 22:07 Asia/Almaty
  • Теһран мен Баку Каспий теңізінің ластануына тосқауыл қою керектігін қуаттады

Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымы Теһран мен Бакудің Каспий теңізінің ластануының алдын алу үшін шынайы ынтымақтастық жасауы керектігін қуаттады.

Масуме Эбтекар «Тренд» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Каспий теңізінің экологиялық қиыншылықтарына тосқауыл қою үшін көп жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын қуаттап: «Бұл теңіз жағалау елдерінің назар аудармауы салдарынан шынайы зардаптарға ұшырап отыр» деді.

Эбтекар сондай- ақ Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасында оның экологиялық мәселелеріне кесімді түрде тосқауыл қою үшін шынайы ынтымақтастықтың маңыздылығына сілтеме жасап, Каспий теңізінің экологиясын қорғайтын аймақтық конвенцияның хатшылығын тезірек іске қосуды сұрап,

сөзінің соңында: «Заңсыз балық аулау және ластанулар Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтар қорына аса шынайы зардаптар келтірді. Оның зардаптарының алдын алу үшін талпыныс жасау керек. Мәселенің шешім жолы мемлекеттер арасындағы шынайы ынтымақтастықты арттыру болып табылады» деді.