Иранның шекарасын бұзған төрт америкалық теңіз жаяу әскеріне сөгіс жарияланды
(last modified Wed, 10 Aug 2016 13:15:57 GMT )
Там 10, 2016 19:15 Asia/Almaty
  • Иранның шекарасын бұзған төрт америкалық теңіз жаяу әскеріне сөгіс жарияланды

Американың теңіз күші төрт теңіз жаяу әскеріне Иран ислам республикасының аумағына кіргені үшін сөгіс берілді.

Америкалық «Navi Times» ақпарат торабы сәрсенбі күні америкалық екі сержант пен екі теңіз жаяу әскерінің әскери сотқа шақырылып, екі сержанттың бұйрыққа бағынбауы және өз міндетін атқарудағы салғырттығы үшін сөгіс естігенін, олардың қызметтерінен шеттетілуінің ықтималдығын, сондай- ақ үшінші сержанттің өз міндетін атқаруда салғырттық танытты деген айыптан ақталғанын жазды.

Аталмыш тораптың жазуы бойынша, төртінші сержантқа үкім шығару басқа уақытқа қалдырылған. Американың теңіз күші әскерилердің ешқайсысының аты-жөнін жарияламады.

Американың теңіз күші шілде айында да екі теңіз жаяу әскері мен екі сержантқа сөгіс берген болатын.

2016 жылдың қаңтар айында екі америкалық әскери қайық Иранның теңіз шекарасына заңсыз әрі рұқсатсыз кірген соң осы қайықтар Иранның Сақшылар копрусының теңіз күші тарапынан тоқтатылып, 9 ер адам мен бір әйел әскериден құралған оның экипажы құрықталды.