Ресей мен Ұлыбритания байланыстарын жақсартуды қолдады
Ресей президенті мен Ұлыбритания үкімет басшысы екі елдің байланыстарын жақсартуды қолдады.
Ресей президенті Владимир Путин Ұлыбританияның үкімет басшысы Тереза Мэймен телефон арқылы сұхбатта Мәскеу мен Лондонның ынтымақтастықтарын қайтадан бастауға мүдделік танытты. Екі елдің байланысы Украина мәселесі үшін қалыптасқан текетірестерге байланысты көптеген салалар бойынша күрт төмендеп немесе уақытша тоқтатылған болатын.
Владимир Путин мен Тереза Мэй 2016 жылдың шілде айында Тереза Мэйдің үкімет басшылығы кезеңі басталғаннан кейін алғашқы кеңесуі болып табылатын телефон арқылы осы сұхбатта, сондай- ақ Ресей мен Ұлыбритания арасында кейбір салалар бойынша екі жақты ынтымақтастық орнатуға келісті.
Ресей президенті мен Ұлыбританияның үкімет басшысы екі елдің Барлау ұйымдарының арасында ынтымақтастық орнатуға және таяу болашақта бір- бірімен кездесуге де келісті.
Ресей мен Ұлыбритания арасындағы байланыс соңғы жылдары текетіреске толы болды. Соңғы екі жылда да Украина мәселесі үшін екі ел арасындағы текетірестер күшейді. Лондон Батыстың санкция салу саясатына ілесіп, Ресейге қаржы және экономика салалары бойынша санкция салған болатын.