Иран мен Пәкістан арасында сауда- саттық ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Иран мен Пәкістан арасында ай сайын 4- 8 жүк поезының қатынап тұруы туралы меморандумға екі ел арасындағы шекаралық сауда бірлескен комитетінің төртінші отырысында Пәкістанның Белуджистан облысының орталығы Кветта қаласында қол қойылды.
Иранның оңтүстік-шығыс темір жолының директоры Мәджид Арджуни Кветта қаласында Иран мен Пәкістан арасында сауда- саттық ынтымақтастығы меморандумына қол қою рәсімінде осы меморандум бойынша екі ел арасында тауар тасымалдау үшін ай сайын поезд қатынасының 2-4 поездан 8 поезға дейін ұлғайтылатынын мәлімдеп:
«Халықаралық және аймақтық деңгейдегі рельстік қарым- қатынас өткен бірнеше жыл ішінде Иранға қарсы санкцияларға байланысты азайған болатын. «Ортақ қадам» келісімі күшіне енгізілген соң Иран алғаш рет Орталық Азия мен Пәкістан арасындағы рельстік тасымалды кеңейтті. Иран мен Пәкістан арасындағы жүйелі түрдегі жүк поездарының қатынасы сауда- саттықтың ұлғаюы мен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге алғышарт әзірлейді» деді.