Ресей Армения мен Әзірбайжанға қару сатуды жалғастырады
(last modified Thu, 11 Aug 2016 13:06:44 GMT )
Там 11, 2016 19:06 Asia/Almaty
  • Ресей Армения мен Әзірбайжанға қару сатуды жалғастырады

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің Арменияға қатысты қауіпсіздік және әскери міндеттемелерін орындайтынын қуаттады.

«Ахар» интернет торабы: «Путин Армения президенті Серж Саргсянмен бірлескен ақпарат отырысында Ресейдің Армения мен Әзірбайжанға қару сатуы туралы сауалға берген жауабында: «Арменияны қарумен қамтамасыз ету жөнінде біздің осы негізде келісілген бағдарламамыздың бар екенін айтуым керек. Бұған қоса Армения Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының мүшесі әрі Ресейдің одақтасы болып табылады. Екі елдің бір- біріне қатысты міндеттемелері бар. Ресей әрдайым өз міндеттемелерін орындайды» деді.

Ресей президенті Әзірбайжан республикасына да қару сату жөнінде: «Қазіргі жағдайда әрбір ел қару нарығынан өзі қалаған қаруды сатып ала алады. Мысалы, мұнай өндіруші әрі экономикасы дамып жатқан және алтын мен валютаның үлкен қорына ие Әзірбайжан республикасы кез- келген жерден қару сатып ала  алады деп айтуым керек» деді.

«Армен Пресс» интернеттік торабы да Армения президентінің осы отырыста: «Ресей президентіне осы елдің Минск тобының басшылары шеңберінде АҚШ және Франциямен бірге Қарабақ мәселесін шешуге жасаған талпынысы мен оның осы үдерістегі жеке еңбегі үшін тағы да алғыс айтамын» деген сөзін жазды.