Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Сирия туралы кеңесті
(last modified Mon, 22 Feb 2016 14:51:51 GMT )
Ақп 22, 2016 20:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Сирия туралы кеңесті

Иран Ислам Республикасы мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Сириядағы соңғы өзгерістерге шолу жасады.

Иран Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян мен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов дүйсенбі күні телефон арқылы сұхбатта лаңкестер жүрген аймақтардан басқа Сирияның барлық аймағында атыс тоқтатуға және осы елге гуманитарлық көмектер жөнелтуге талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.

Әмир Абдоллаһиян және Богданов Сирияда саяси шешім жолға сенімді қарсыластармен сұхбаттасуды қайтадан бастау және басты бағдар ретінде саяси шешім жолын қарастырудың өзектілігін қуаттады. Ресей президенті Владимир Путиннің Таяу Шығыс ісі жөніндегі арнайы өкілі Богданов Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасарының шақыруымен аймақ туралы кеңесулерді жалғастыру үшін Теһранға сапар шегуді жоспарлап отыр.