Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
https://itolqyn.com/news/world-i12736
Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері аймақ пен әлемдегі соңғы өзгерістерді талқылады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 12, 2016 15:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері аймақ пен әлемдегі соңғы өзгерістерді талқылады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, аймақ пен әлемдегі соңғы өзгерістер туралы пікір алмасты. Иран мен Ресей басшыларының кеңесулері мен қарым-қатынастары аймақтың, әсіресе Сирия дағдарыстарын шешу негіздері бойынша артты.

Ирандағы Ресей елшілігі бейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богдановтың аймақтағы өзгерістер, әсіресе Сирия дағдарысы туралы пікір алмасу үшін 15-ші тамызда Теһранға келетіні туралы хабарлады.