Иран мен Арменияның арасында виза жойылды
https://itolqyn.com/news/world-i12781-Иран_мен_Арменияның_арасында_виза_жойылды
ИИР-ның Армениядағы елшілігі бір мәлімдемесінде екі елдің арасында визаның жойылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 13, 2016 20:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Арменияның арасында виза жойылды

ИИР-ның Армениядағы елшілігі бір мәлімдемесінде екі елдің арасында визаның жойылғанын хабарлады.

ИИР-ның Армениядағы елшілігі: «Иран мен Армения арасында визаны жою туралы меморандумның биылғы жылдың 6 тамыз күні заңды күшіне енгізілуіне байланысты осыдан былай екі елдің азаматтары екі ел арасында қатынау үшін визаны қажет етпейді»,-деп хабарлады.

ИИР-ның Армениядағы елшісі сейіт Казем Саджадидің айтуынша, бұл шара Иран мен Армения азаматтарының қалаған уақыттарында бір-біріне сапар шегіп, екі елдің әлеуеттері мен мүмкіндіктерімен танысуына септігін тигізеді.

Иран мен Армения қайраткерлері визаны жою шарасын Ереван-Теһран екіжақты қарым-қатынасын нығайту, сауда-экономикалық және туристік байланыстарды кеңейтіп, дамыту аясында маңызды деп санайды.

Иран мен Арменияның бірнеше ай бұрынғы келісімі бойынша, екі елдің азаматтары бастапқы кезде бір-бірінің елінде 90 күн визасыз жүре алатын.