Рухани Иран мен Кубаның өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы екенін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i12787
Иран Президенті: «Иран мен Кубаның шынайы ерік-жігері жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 13, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Рухани Иран мен Кубаның өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы екенін қуаттады

Иран Президенті: «Иран мен Кубаның шынайы ерік-жігері жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған»,-деді.

Иран Президенті Хасан Рухани  Теһранда  Кубаның Президенті Рауль Кастроның арнайы өкілі Рикардо Кабрисаспен кездесуінде: «Латын Америкасындағы Иранмен дос ел ретінде Кубамен қарым-қатынасты кеңейту Иран үшін маңызды. Иран мен Куба қарым-қатынасы денсаулық және  биотехнологиямен қоса, барлық салаларда дамуы тиіс»,-деп қуаттады.

Иран Президенті АҚШ-тың әлемдегі тәуелсіз елдерге қарсы экономикалық санкция салу саясатын қате әрі нәтижесіз саясат деп атап: «Әлемнің сауда-экономикалық жүйесінде халықаралық заңдар аясында сауда еркіндігі мен әртүрлі елдер арасындағы экономикалық байланыстар болуы тиіс»,-деп қуаттады.

Кубаның Президенті Рауль Кастроның арнайы өкілі Рикардо Кабрисас та осы кездесуде Руханиге өз елі басшысының жазбаша жолдауын табыс етіп: «Гавана  Теһранмен барлық салалар бойынша  байланыстарды кеңейтуді қалайды. Осы жолдағы кедергілерді жою байланыстарды тереңдете түседі»,-деді.