Қытайдың ресми ақпарат құралы: Сирия - лаңкестіктің әлемдегі ең үлкен құрбаны
https://itolqyn.com/news/world-i1285-Қытайдың_ресми_ақпарат_құралы_Сирия_лаңкестіктің_әлемдегі_ең_үлкен_құрбаны
Қытайдың ресми ақпарат агенттігі Сирияны лаңкестік құбылысының әлемдегі ең үлкен құрбаны деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 22, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Қытайдың ресми ақпарат құралы: Сирия - лаңкестіктің әлемдегі ең үлкен құрбаны

Қытайдың ресми ақпарат агенттігі Сирияны лаңкестік құбылысының әлемдегі ең үлкен құрбаны деп атады.

Синьхуа ақпарат агенттігі дүйсенбі күні жариялаған статистикаға сілтеме жасап: "Аз уақыттың ішінде Сирияда бес бомба жарылысының салдарынан 150- ге жуық адам жан тапсырды. Осы ел қазір әлемде лаңкестік және жанкештілік бомба жарылыстарының ең үлкен құрбанына айналып отыр" деп жазды.

Жексенбі күні Хомс пен Риф Дамаскта орын алған бірнеше жарылыс салдарынан жүздеген адам көз жұмды. ИСИМ осы жарылыстардың жауапкершілігін өз мойнына алды.