Қытайдың ресми ақпарат құралы: Сирия - лаңкестіктің әлемдегі ең үлкен құрбаны
(last modified Mon, 22 Feb 2016 15:55:30 GMT )
Ақп 22, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Қытайдың ресми ақпарат құралы: Сирия - лаңкестіктің әлемдегі ең үлкен құрбаны

Қытайдың ресми ақпарат агенттігі Сирияны лаңкестік құбылысының әлемдегі ең үлкен құрбаны деп атады.

Синьхуа ақпарат агенттігі дүйсенбі күні жариялаған статистикаға сілтеме жасап: "Аз уақыттың ішінде Сирияда бес бомба жарылысының салдарынан 150- ге жуық адам жан тапсырды. Осы ел қазір әлемде лаңкестік және жанкештілік бомба жарылыстарының ең үлкен құрбанына айналып отыр" деп жазды.

Жексенбі күні Хомс пен Риф Дамаскта орын алған бірнеше жарылыс салдарынан жүздеген адам көз жұмды. ИСИМ осы жарылыстардың жауапкершілігін өз мойнына алды.