"Монафеғин" лаңкестік тобы - әлемдегі ең үлкен лаңкестік топ
(last modified Mon, 15 Aug 2016 14:18:52 GMT )
Там 15, 2016 20:18 Asia/Almaty

ИИР Сот билігінің төрағасы "Монафеғин" лаңкестік тобын әлемдегі ең үлкен лаңкестік топтардың бірі және өз заманының ДАИШ-ы болған деп атады.

Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани Сот билігінің жоғары деңгейлі басшыларының отырысында аталмыш топтың Иранда 17 мыңнан астам қастандық жасағанын айтып: «Кейбір Батыс елдері мен америкалықтар әрдайым "Монафеғин" лаңкестік тобына қолдау көрсетеді. "Монафеғин" лаңкестік тобы Ирактың «Баас» режимінің Иранға қарсы басқыншылық соғысы кезінде Ирактың Дияле облысындағы «Ашраф» базасына бекініп, солармен бірге Иран мен Ирак халқына қарсы көптеген қылмыстар жасады. "Монафеғин" тобы террор, адам ұрлау, адам контрабандасы, ұшақтарды айдап кету, ақшаны жылыстыру, қарулы түрде тонау, есірткі заттар контрабандасы, геноцид пен түрлі диверсиялық әрекеттер жасады. Мұны олардың өздері де мойындап отыр» деді.