Адам құқығын қорғаушы әйелдердің азат ету керуені Газаға қарай бет алды
https://itolqyn.com/news/world-i12898-Адам_құқығын_қорғаушы_әйелдердің_азат_ету_керуені_Газаға_қарай_бет_алды
Израильдің Газа секторына қарсы теңізден қоршауын бұзушы еуропалық кампанияның төрағасы Адам құқығын қорғаушы белсенді әйелдер керуенінің осы аймаққа қарай бет алғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 15, 2016 21:19 Asia/Almaty
  • Адам құқығын қорғаушы әйелдердің азат ету керуені Газаға қарай бет алды

Израильдің Газа секторына қарсы теңізден қоршауын бұзушы еуропалық кампанияның төрағасы Адам құқығын қорғаушы белсенді әйелдер керуенінің осы аймаққа қарай бет алғанын хабарлады.

Израильдің Газа секторына қарсы теңізден қоршауын бұзушы еуропалық кампанияның төрағасы Мазан Кахль «Палестина» газетіне берген сұхбатында Адам құқығын қорғаушы белсенді әйелдердің бостандық сыйлаушы  керуенінің осы аймаққа қарай бет алған жоспары туралы: «Екі кеме Испаниядан шығып, қыркүйек айының аяқ шенінде немесе қазан айының бас кезінде Газа секторына жетеді

Осы екі кемеде 25 әйел, соның ішінде саяси белсенділер, құқықтанушылар мен Палестинаны қолдаушы түрлі елдердің парламенттік қайраткерлері бар» деді.

2010 жылы сионистік күштердің Газа халқына арналған гуманитарлық көмектерді тиеген «Мави Мармара» кемесіне жасаған шабуылынан Түркияның 9 азаматы қаза болып, бірнеше кісі жараланған болатын.